Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ | ҚЫЗМЕТТЕГІ ҚУАНЫШЫҢЫЗ АРТСЫН

Сұрақтар қойыңыз

Сұрақтар қойыңыз

“Бақытты Құдай” Ехоба біздің қуанып қызмет еткенімізді қалайды (Т1х 1:11). Уағыздау ісіндегі шеберлігімізді шыңдаған сайын, қуанышымыз да арта түседі. Мысалы, әдетте әңгіме сұрақтан басталады, әрі сұрақ адамның қызығушылығын оятады. Сұрақтар адамды ойландырады және бір тұжырымға келуге көмектеседі (Мт 22:41—45). Сұрақ қойып, жауабын тыңдау арқылы адамның біз үшін бағалы екенін көрсетеміз (Жқ 1:19). Адамның жауабына қарай әңгіме желісін қай бағытқа бұру керектігін анықтай аламыз.

ШӘКІРТ ДАЙЫНДАУДЫҢ ҚУАНЫШЫНА КЕНЕЛІҢІЗ: ШЕБЕРЛІГІҢІЗДІ ШЫҢДАҢЫЗ. СҰРАҚ ҚОЮ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Лараның бойынан қандай жақсы қасиеттер байқалды?

  • Нита Лараға қалай көңіл бөлді?

  • Оның ізгі хабарға қызығушылығын арттыру үшін Нита қандай сұрақ қойды?

  • Лара ойланып, бір тұжырымға келу үшін Нита қандай сұрақ қойды?