Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Достарды ақылмен таңдаңыз

Достарды ақылмен таңдаңыз

Исраилдіктермен Моаб жазығында болған оқиға — мәсіхшілер үшін ескерту (Қ1х 10:6, 8, 11). Азғын, пұтқа табынатын моабтық әйелдермен араласа бастаған исраилдіктер оларға елігіп, ауыр күнә жасады. Бұл сұмдық қасіретке әкеп соқты (М4ж 25:9). Біздің де айналамызда Ехобаға қызмет етпейтін әріптестер, сыныптастар, көршілер, туыстар мен таныстар бар. Осы оқиғадан білетініміздей, олармен жақын араласатын болсақ, мұның қандай кесірі тиюі мүмкін?

ӨТКЕННІҢ ҚАТЕЛІГІ — БҮГІНГЕ САБАҚ (ҮЗІНДІ)” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Зимри мен басқалар Яминге қандай бұрыс пікірлер айтты?

  • Пінехес Яминге дұрыс көзқараста болуға қалай көмектесті?

  • Сенбейтін адамға достық пейіл танытудың және онымен дос болудың қандай айырмашылығы бар?

  • Неге қауымның ішінде де жақын достарды абайлап таңдауымыз керек?

  • Неге біз танымайтын адамдардың әлеуметтік желідегі топтарына қосылмауымыз қажет?