МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Ехобаға арқа сүйеудің үш жолы
Дәуіт Ғолиятты өз күшімен емес, Ехобаға арқа сүйегендіктен жеңді (С1ж 17:45). Ехобаның өзі де бар жүрегімен берілген жандарды қолдауға, күш беруге асық (Ш2ж 16:9). Олай болса, біз өзіміздің тәжірибемізге, қабілетімізге емес, Ехобаның берген көмегіне қалай арқа сүйей аламыз? Соның үш жолы мынадай:
-
Жиі-жиі дұға етіңіз. Біз жасарымызды жасап, кешірім сұрау үшін ғана емес, қателікті жасап қоймас үшін де күш сұрап дұға еткеніміз жөн (Мт 6:12, 13). Ехобаға қабылдап қойған шешімдеріме батаңды берші деп қана дұға етпей, шешім қабылдамас бұрын да даналығы мен бағыт-бағдарын сұрағанымыз дұрыс (Жқ 1:5).
-
Киелі кітап оқуыңыз бен зерттеуіңіз жүйелі болсын. Киелі кітапты күн сайын оқыңыз (Зб 1:2). Киелі кітаптан оқыған оқиғаларды ой елегінен өткізу үшін уақыт бөліңіз. Олардан түйіп алғаныңызды өмірде іске асырыңыз (Жқ 1:23—25). “Білеміз ғой” деп өз тәжірибеңізге арқа сүйемей, қызметке дайындалып шығыңыз. Ал қауымның толық пайдасын көру үшін алдын ала дайындалыңыз.
-
Ехобаның ұйымымен қызметтесіңіз. Кейінгі кездері ұйымнан келіп жатқан нұсқаулардан хабардар болыңыз және оларға бірден құлақ асыңыз (М4ж 9:17). Ақсақалдар сізге ақыл-кеңес беріп жатса, оларды тыңдаңыз (Ев 13:17).
“СЕС КӨРСЕТКЕННЕН СЕСКЕНБЕЙМІЗ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
• Бауырластардың қандай қорқыныштары болды?
• Олар сол қорқыныштарын қалай жеңді?