МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Онлайн достарымыз кім?
Екі адам бір-біріне бауыр басып, қадіріне жетіп, құрметтеп тұрса, бұл — достықтың белгісі. Мысалы, Дәуіт Ғолиятты өлтіргеннен кейін, Жонатан екеуінің арасында шайқалмас достық орнады (С1ж 18:1). Екеуін бір-біріне тәнті қылған бойларындағы тамаша қасиеттер еді. Демек, екі адам бір-бірін жақсы таныса ғана олар айнымас дос бола алады. Әрине, адамды бір күнде тани алмайсың. Сондықтан оған уақыт керек, күш салу керек. Ал әлеуметтік желідегі достықты алсақ, адамдар тышқанды бір түртіп, дос бола салады. Онлайн араласқанда адам не айтатынын, өзін қалай ұстайтынын алдын ала ойластырып ала алады. Сөйтіп, ол сырт көзге жақсы көрініп, жаман жақтарын оп-оңай жасыра алады. Сондықтан онлайн достарды таңдағанда, белгілі бір талаптар орнатқан жөн. Дұрыс танымайтын адамдар дос болуға өтініш жіберіп жатса, “қабылдамасам ренжіп қалады-ау” деп қорқудың қажеті жоқ. Кейбіреулер әлеуметтік желінің кейбір қауіпті жақтарын білгендіктен, оны мүлдем пайдаланбауды шешкен. Ал әлеуметтік желілерді пайдаланамыз деп шешсек, нені есте ұстаған жөн?
“ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ АҚЫЛМЕН ҚОЛДАН” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Желіге суреттер салып, пікір жазар алдында нені ойлаған жөн?
-
Онлайн достарды неге ақылмен таңдау керек?
-
Әлеуметтік желіде отыратын уақытты неге нақты белгілеп алған дұрыс? (Еф 5:15, 16).