Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Құдай Сөзін күнде оқып, даналықты іздейік

Құдай Сөзін күнде оқып, даналықты іздейік

Құдай сыйлайтын даналық жасырулы қазынадай аса құнды (Н.с 2:1—6). Даналық бізге түсінікке ие болуға және дұрыс шешімдер қабылдауға көмектеседі. Сондай-ақ ол бізді қорғайды. Сол себепті Киелі кітапта “ең маңыздысы — даналық” деген сөздер бар (Н.с 4:5—7). Құдай Сөзінде жатқан қазынаны табу күш салуды талап етеді. Ол үшін ең алдымен Құдай Сөзін “күндіз-түні”, яғни күнде оқуымыз керек (Еш 1:8). Киелі кітапты жүйелі түрде әрі қызықты етіп оқудың кейбір жолдарын көрейік.

ҚҰДАЙ СӨЗІН СҮЙІП ОҚУДЫ ҮЙРЕНІП ЖАТҚАН ЖАСТАР” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

Видеодағы жастарға Киелі кітапты күнде оқу неге қиын болды және оларға не көмектесті?

  • Мелани

  • Самуэль

  • Селин

  • Рафаэлло

КИЕЛІ КІТАП ОҚУҒА АРНАЛҒАН КЕСТЕМ: