ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА
Сүлеймен патша ессіз әрекет етті
(“Шежірелер 2-жазбаға шолу” бейнеролигін көрсетіңіз.)
Сүлеймен Мысырдан жылқылар мен арбаларды көптеп алдыртты (М5ж 17:15, 16; Ш2ж 1:14, 17)
Жылқылар мен арбаларды күтіп ұстау үшін қалалар соғып, көп адамды жұмысқа жегуге тура келді (Ш2ж 1:14; it-1 174-б., 5-абз.; 427-б.)
Сүлеймен билік етіп бастағанда халық өркендеп жатты. Бірақ уақыт өте Сүлеймен оларға тым ауыр жүк артты. Сөйтіп, халық Робоғамның билігі кезінде наразы болып, бас көтерді, себебі оның артқан жүгі Сүлеймендікінен де ауыр болды (Ш2ж 10:3, 4, 14, 16). Ұмытпайық, қандай шешім қабылдасақ та, оның салдарын көреміз (Ғл 6:7).