Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Шешімдеріңізден Ехобаға арқа сүйейтініңіз көрінсін

Шешімдеріңізден Ехобаға арқа сүйейтініңіз көрінсін

Біз күнде неше түрлі шешімдер қабылдаймыз. Осы дүниеде көп адам шешім қабылдарда сезімнің жетегінде кетеді, я болмаса жұрт не істесе, соны істей салады (М2ж 23:2; Н.с 28:26). Ал Ехобаға сенім артатындар “барлық істе оны ескереді”, яғни Киелі кітап принциптеріне сүйеніп шешім қабылдайды (Н.с 3:5, 6).

Төмендегі тармақтар қандай жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға көмектесетінін жазып қойыңыз.

СЕНІМІ ЖОҚТАРҒА ЕМЕС, СЕНІМІ БАРЛАРҒА ЕЛІКТЕҢІЗ. ПЕРҒАУЫНҒА ЕМЕС, МҰСАҒА” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

Киелі кітаптағы оқиға ер бауырласқа дұрыс шешім қабылдауға қалай көмектесті?