МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Жүрегіңізді сақтаңыз
Сүлеймен киелі рухтың жетелеуімен: “Бәрінен де бұрын сақта жүрегіңді”,— деп жазған (Н.с 4:23). Өкінішке қарай, исраилдіктер уақыт өте Ехобаға “бар жүректерімен” қызмет етуін доғарды (Ш2ж 6:14). Тіпті Сүлеймен патшаның өзі жүрегін бөтен құдайларға бұрып кетті, бұған пұтқа табынатын әйелдері ықпал етті (П1ж 11:4). Ал сіз жүрегіңізді қалай сақтай аласыз? 2019 жылғы “Күзет мұнарасының” қаңтар айындағы санында, 14—19 беттерде дәл осы сұрақ қарастырылды.
“КҮЗЕТ МҰНАРАСЫНАН” АЛАР САБАҒЫМЫЗ: ЖҮРЕГІҢІЗДІ САҚТАҢЫЗ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Бауырластарға не нәрсе жаман ықпал етуі мүмкін еді және осы зерттеу мақаласы оларға жүректерін сақтап қалуға қалай көмектесті?
-
Брент пен Лаурен
-
Умджей
-
Хаппи Лайу
Бұл зерттеу мақаласы сізге қалай көмектесті?