МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Апаттан кейін көрсетілетін көмек
Бүгінгі күні табиғи апаттар барған сайын жиілеп барады. Қандай да бір апат орын алса, көрсетілетін көмек жақсы жоспарланып, жақсы ұйымдастырылуы керек. Осы себептен де Басқарушы кеңес әрбір филиалда төтенше жағдайларда көмек көрсету бөлімін құрған.
Бұл бөлімдегі бауырластар апат жайлы естіген бойда жергілікті ақсақалдарға хабарласып, жариялаушыларға қандай көмек керек екенін анықтайды. Апаттың зардабы тым үлкен болып, жағдайды оңалтуға жергілікті бауырластардың шамасы жетпесе, филиал көмек көрсетуде жетекшілік ететін ер бауырластарды тағайындайды. Бұл бауырластар еріктілерді жинауы не қандай да бір заттарды садақа етуді сұрауы мүмкін. Я болмаса қажет заттарды өздері сатып алып, үлестіруі мүмкін.
Апат кезінде көмек көрсету осылай ұйымдастырылғанның арқасында бауырластардың еңбектері, ақшалары және дайындаған гуманитарлық көмектері далаға кетпейді. Мұндай жағдайлар жиі бауырластар өз беттерінше әрекет еткенде болып жатады.
Филиал тағайындаған ер бауырластар қанша қаражат, қанша ерікті керектігін анықтай алады. Сондай-ақ жергілікті билік өкілдерімен байланысады. Ал билік өкілдері жиі көмек көрсету жұмыстарын жылдамырақ атқаруға көмектеседі. Сондықтан жауапты бауырластар өтінбесе, өз бетімізше ақша жинап, гуманитарлық көмек жіберіп, апат орнына барудың қажеті жоқ.
Әрине, біз апаттан зардап шеккен бауырластарға көмектескіміз келеді (Ев 13:16). Өйткені оларды жақсы көреміз! Ендеше сол бауырластар үшін не істей аламыз? Бәрінен бұрын, олар үшін және оларға көмек көрсетіп жүрген бауырластар үшін дұға етсек болады. Тағы бір жолы — дүниежүзілік іске садақа жасай аламыз. Басқарушы кеңестің қарамағындағы филиалдар бұл қаражатты әсіресе қай жерлерге жіберу керектігін бәрінен де жақсы біледі. Ал егер өзіміз барып көмек көрсеткіміз келсе, онда “Жергілікті құрылыста ерікті қызмет етуге өтініш” (DC-50) қағазын толтырсақ болады.
“БРАЗИЛИЯДАҒЫ ЖОЙҚЫН СУ ТАСҚЫНЫ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
2020 жылы Бразилияда болған су тасқыны кезінде Ехоба куәгерлерінің көрсеткен көмегі сізге қандай әсер қалдырды?