Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

1—7 сәуір

ЗӘБҮР 23—25

1—7 сәуір

4-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. “Ехоба — менің Бағушым”

(10 мин.)

Ехоба бізді жетелейді (Зб 23:1—3; w05 1.11. 24, 25-б., 9, 10-абз.)

Ехоба бізді қорғайды (Зб 23:4; w05 1.11. 25, 26-б., 13—15 абз.)

Ехоба бізді тойындырады (Зб 23:5; w05 1.11. 27-б., 17, 18-абз.)

Қамқор бағушы іспетті Ехоба бізді алақанына салып аялайды.

ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: “Ехоба менің қамымды қалай ойлап жүр?”

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Зб 23:3. “Әділдік жолы” деген не және одан ауытқып кетпеуге не көмектеседі? (w11 15.2. 24-б., 1—3 абз.)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(3 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Қоршаған ортаны уайымдап жүрген адамға Киелі кітаптан жұбататын бір тармақ оқып беріңіз. (lmd 2-сабақ, 5-тақырыпша)

5. Қызығушылықты арттыру

(4 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітапшасын зерттеуге келіскен адамға зерттеу сабағы қалай өтетінін көрсетіңіз. (lmd 9-сабақ, 3-тақырыпша)

6. Шәкірт дайындау

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

54-ән

7. Бөтендердің даусына құлақ аспаймыз

(15 мин.) Талқылау.

Қой өзінің бағушысының даусын біледі әрі оның соңынан ереді. Ал бөтен дауысты естігенде, қашып кетеді (Жох. 10:5). Сол сияқты біз де қамқор әрі сенімді бағушыларымыз Ехоба мен Исаның даусына құлақ асамыз (Зәб. 23:1; Жох. 10:11). Бірақ біз “қитұрқы сөздермен” сенімімізді шайқалтқысы келетін бөтен біреудің дауысын естігенде, құлағымызды жауып аламыз (Пет. 2-х. 2:1, 3).

Мұсаның бірінші жазбасының 3-тарауында жер бетінде алғаш рет бөтен тұлғаның даусы естілгені сипатталған. Хауаны адастыру үшін Шайтан шынайы бейнесін жасырып, өзін оның досы сияқты көрсетті. Ол өтірікті судай сапырып, Ехобаның сөзін бұрмалады, оның әділ ниетін қаралады. Бір өкініштісі, Хауа бұған сеніп қалды. Ол бұдан еш жақсылық тапқан жоқ.

Қазір де солай істемесе, Шайтан — Шайтан бола ма? Ол ақсақты тыңдай, өтірікті шындай қылып, біздің Ехобаға, оның ұйымына деген сенімімізді шайқалтуға тырысады. Бұл үшін Шайтан алыпқашпа, өтірік-шыны аралас я тіпті жалған мәліметтер таратады. Сондықтан осы бөтен дауысты естігенде, ат тонымызды ала қашайық! “Не дейді екен” деп қызығып, осындай мәліметтерге құлағымызды бір сәтке де түргеннің өзі сан соқтыруы мүмкін. Хауаның аузын айға қаратып кету үшін Шайтанға көп сөйлеп көпірудің қажеті де болмады (Мұс. 1-ж. 3:1, 4, 5). Ал егер біз жақсы танитын біреу, мысалы, бізді жақсы көретін адам ізгі ниетпен Ехобаның ұйымы жайлы жаман ақпараттармен бөліскісі келсе, не істесек болады?

“Бөтендердің даусынан” аулақ болыңдар!” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақты қойыңыз:

Лараның сенуші емес анасымен арадағы мәселені қалай шешкенінен қандай үлгі аламыз?

8. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

Қорытынды сөз (3 мин.) | 55-ән және дұға