Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

29 сәуір — 5 мамыр

ЗӘБҮР 34, 35

29 сәуір — 5 мамыр

10-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. “Әрдайым Ехобаны мадақтайық”

(10 мин.)

Дәуіт қиын кезде де Ехобаны мадақтаған (Зб 34:1; w07 1.3. 24-б., 11-абз.)

Дәуіт өзін емес, Ехобаны мадақтады (Зб 34:2—4; w07 1.3. 25-б., 13-абз.)

Дәуіттің Ехобаны мадақтағаны оның жігіттерінің сенімін нығайтты (Зб 34:5; w07 1.3. 26-б., 15-абз.)

Дәуіт Әбумәліктен құтылып кеткен соң, оған шөл далада Саулдың билігінен ашынған 400-дей адам қосылды (С1ж 22:1, 2). Осы зәбүр жырын шығарғанда, Дәуіт сол адамдар жайлы ойласа керек (Зб 34, кіріспе).

ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: “Алда болатын қауым кездесуінде біреумен әңгімелескенде, Ехобаны қалай мадақтасам болады?”

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Зб 35:19. Дәуіттің мені жек көретіндердің “көздерін қысуына” жол бермеші деген өтініші нені білдіреді? (w06 1.6. 10-б., 2-абз.)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(2 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Сіз куәлік беріп үлгермей жатып әңгіме аяқталып қалады. (lmd 1-сабақ, 4-тақырыпша)

5. Қызығушылықты арттыру

(4 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. (lmd 2-сабақ, 4-тақырыпша)

6. Нанымдарымызды түсіндіру

(5 мин.) Көрініс. ijwfq-U 59. Тақырыбы: “Ехоба куәгерлері мейрамды тойлау-тойламауды қалай анықтайды?” (th 17-сабақ)

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

59-ән

7. Қауымда Ехобаны мадақтаудың үш жолы

(15 мин.) Талқылау.

Қауым кездесулерінде Ехобаны мадақтаудың мүмкіндіктері өте көп. Соның үшеуі мыналар:

Әңгіме айтқанда. Өзгелермен әңгімелескенде Ехобаның ізгілігі туралы айтыңыз (Зб 145:1, 7). Оқыған не естіген бір мәлімет кәдеңізге жарады ма? Қызметте жігерлендірерлік оқиға болды ма? Біреу сізді сөзімен не ісімен нығайтты ма? Ехобаның қандай да бір жаратылысы сізді таң-тамаша қалдырды ма? Мұның бәрі — Ехобаның бізге берген сыйы (Жқ 1:17). Басқалармен араласа алу үшін кездесулерге ертерек келіңіз.

Түсініктеме бергенде. Әр қауым кездесуінде, кем дегенде, бір түсініктеме беруге тырысыңыз (Зб 26:12). Сұраққа тікелей жауап берсеңіз болады немесе қосымша ой айтсаңыз, жазба орнын оқысаңыз не суретке түсініктеме берсеңіз болады. Я болмаса білгендерімізді өмірімізге қалай енгізе алатынымызды айтып өтсеңіз жақсы. Сіз жауап бергіңіз келген сұраққа басқалар да жауап бергісі келуі мүмкін. Сондықтан бірнеше жауап дайындап келгеніңіз абзал. Егер түсініктемеміз 30 секундтан аспаса, көбіміз “Құдайға... мадақтау құрбандығын” ұсына аламыз (Ев 13:15).

Ән шырқағанда. Патшалық әндерін әуелете шырқаңыз (Зб 147:1). Әр қауым кездесуінде түсініктеме бере алмайтын шығарсыз. Әсіресе үлкен қауымдарда бұлай ету қиын боп жатады. Бірақ кездесулерде ылғи ән шырқай аласыз. Тіпті жез таңдай әнші емеспін десеңіз де, беріліп ән айтқаныңыз Ехобаның жүрегін шаттыққа толтырады (Қ2х 8:12). Ехобаны ән айтып мадақтау үшін үйде Патшалық әндерімізді айтып жаттықсаңыз болады.

“Біздің тарихымыздың дөңгелегі: Ғибадатымыздағы әндер (1-бөлім)” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақты қойыңыз:

Заманауи тарихымыздың басында Ехобаны мадақтап ән айтудың маңыздылығын қалай көрсеттік?

8. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

Қорытынды сөз (3 мин.) | 2024 жылдың аймақтық конгресінің жаңа әні және дұға