Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

4—10 наурыз

ЗӘБҮР 16, 17

4—10 наурыз

111-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. “Ехоба, игілігімнің қайнары өзіңсің!”

(10 мин.)

Ехобаға қызмет ететіндермен достасу бізді қуанышқа бөлейді (Зб 16:2, 3; w18.12 23-б., 11-абз.)

Ехобамен дос болғанымыз көңілімізді жадыратады (Зб 16:5, 6; w14 15.2. 29-б., 4-абз.)

Ехоба бізді рухани жағынан қорғағанда, өзімізді қауіпсіз сезінеміз (Зб 16:8, 9; w08 15.2. 3-б., 2, 3-абз.)

Дәуіт сияқты біздің де өміріміз мән-мағынаға толы, өйткені өміріміздің төрінде игілігіміздің қайнары — Ехоба тұр.

ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: “Шындықты тапқалы өмірім қаншалықты жақсарды?”

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Зб 17:8. “Көзіңнің қарашығындай” деген тіркес нені білдіреді? (it-2 714-б.)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(1 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. Үй иесін еске алу кешіне шақырыңыз. (th 11-сабақ)

5. Әңгіме бастау

(3 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. Үй иесін еске алу кешіне шақырыңыз. Адам қызығушылық танытса, “Иса пайғамбардың өлген күнін еске алу” деген видеоны көрсетіп, талқылаңыз. (th 9-сабақ)

6. Әңгіме бастау

(2 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК. Адамды еске алу кешіне шақырыңыз. (th 2-сабақ)

7. Шәкірт дайындау

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

20-ән

8. Еске алу кешіне қалай дайындалсақ болады?

(15 мин.) Талқылау.

Исаның нұсқауын орындап, біз 24 наурыз, жексенбі күні Еске алу кешін атап өтеміз. Сол кеште адамдар үшін жасалған теңдесі жоқ екі жақсылықты қарастырамыз (Лұқа 22:19; Жох. 3:16; 15:13). Осы ерекше кешке қалай дайындалсақ болады?

  • Науқанға жан сала атсалысып, адамдарды арнайы баяндама мен Еске алу кешіне шақырыңыз. Сондай-ақ сол кешке шақырғыңыз келетін таныстарыңыздың тізімін жасаңыз. Егер олардың кейбірі басқа жақта тұратын болса, jw.org сайтынан оларға жақын жерде өтетін кездесудің уақыты мен мекенжайын таба аласыз.

  • Наурыз бен сәуір айларында қызметте белсенділік танытыңыз. Сол айларда неліктен 15 не 30 сағат нормасымен қосалқы ізашар болып көрмеске?

  • 18 наурыздан бастап Исаның жердегі өмірінің соңғы аптасында орын алған маңызды оқиғаларды қарастыратын боламыз. 6, 7-беттегі “2024 жылғы Еске алу кеші. Киелі кітапты оқу кестесіне” қарап, күніне қанша үзінді оқитыныңызды шешсеңіз болады.

  • Еске алу кеші күні jw.org сайтында шығатын арнайы таңғы ғибадат бағдарламасын көріңіз.

  • Еске алу кешінде қонақтарды, уағыздамай жүрген бауырластарды жылы қарсы алыңыз. Біреу сұрақ қойса, жауап беруге дайын болыңыз. Қызығушылықтарын арттыру үшін, олармен байланысудың жолдарын іздеңіз.

  • Еске алу кешіне дейін де, одан кейін де төлем жайлы ой жүгіртіңіз.

“Иса пайғамбардың өлген күнін еске алу” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақты қойыңыз:

Осы видеоны науқан кезінде қалай қолдансақ болады?

9. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

Қорытынды сөз (3 мин.) | 73-ән және дұға