Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

17—23 наурыз

НАҚЫЛ СӨЗДЕР 5

17—23 наурыз

122-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. Азғындықтан аулақ жүріңіз

(10 мин.)

Жыныстық азғындық сізді еліктіруі мүмкін (Н.с 5:3; w00 15.7. 29-б., 1-абз.)

Азғындықтың салдары өте ащы болады (Н.с 5:4, 5; w23.06 22, 23-б., 9, 10-абз.)

Азғындықтан аулақ жүріңіз (Н.с 5:8; w15 15.6. 15, 16-б., 8—10 абз.)

Қыз бауырлас бір жігітке нөмірін беруден бас тартып жатыр

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Н.с 5:9. Азғындық қалайша “абыройымыздан айырады”? (w00 15.7. 29-б., 7-абз.)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(3 мин.) КӨПШІЛІК ОРЫНДАРДА УАҒЫЗДАУ. Діншіл болып көрінген адамды Еске алу кешіне шақырып, оған jw.org сайтынан Еске алу кеші өтетін жақын жерді тауып беріңіз. (lmd 6-сабақ, 4-тақырыпша)

5. Қызығушылықты арттыру

(4 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. Алдыңғы жолы барғанда адам Еске алу кешіне шақыруды қабыл алып, қызығушылық білдірген. (lmd 9-сабақ, 5-тақырыпша)

6. Шәкірт дайындау

(5 мин.) lff 16-сабақ, түйіндеме, қайталау және мақсат. Зерттеушіңіздің “Иса үйленген бе?” деген сұрағына қалай ізденіс жасап, жауап табуға болатынын көрсетіңіз. (lmd 11-сабақ, 4-тақырыпша)

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

121-ән

7. Кездесіп жүргенде Ехобаға ұнамсыз әрекеттерден сақтаныңыз

(15 мин.) Талқылау.

Әдетте адамдар кездесу деп бір-бірін ұнататын екі адамның бірге уақыт өткізуін айтады. Олар көпшіліктің арасында не екеуі ғана, ашық не өзгелерден жасырын, жүзбе-жүз, телефонмен не хабарламалар арқылы араласуы мүмкін. Ехоба куәгерлері ретінде біз кездесуді көңіл көтеретін уақыт деп емес, қайта, некенің алдындағы маңызды кезең деп қарастырамыз. Жас не үлкен жаста болайық, кездесіп жүргенде азғындыққа барып қоймас үшін не істей аламыз? (Н.с 22:3).

“Неке құруға дайындық. 1-бөлім: Жігітпен жүруге дайынмын ба?” (үзінді) деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын былай деп сұраңыз:

  • Адам неке құруға дайын болмаса, неге кездесуді бастамағаны жөн? (Н.с 13:12; Лқ 14:28—30)

  • Ата-анасы Лилиге қалай көмектескені сізге несімен ұнады?

Нақыл сөздер 28:26 оқыңыз. Сосын былай деп сұраңыз:

  • Кездесіп жүрген қыз бен жігіт жалғыз қалып, азғындыққа барып қоймас үшін алдын ала не ойластырса болады?

  • Қол ұстасу, сүйісу сияқты сезім көрсетуге қатысты қыз бен жігіт өздеріне қандай шектеулер қоятынын неге алдын ала талқылап алғандары маңызды?

Ефестіктерге 5:3, 4 оқыңыз. Сосын былай деп сұраңыз:

  • Қыз бен жігіт телефон арқылы не онлайн араласқанда айтатын әңгімелеріне неге мұқият болулары керек?

8. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

Қорытынды сөз (3 мин.) | 3-ән және дұға