Иса Мәсіхті еске алу кеші (Германия)

“ӨМІРІМІЗ БЕН ҚЫЗМЕТІМІЗ” КЕЗДЕСУІНІҢ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ Наурыз 2016

Ұсыныс үлгілері

“Күзет мұнарасы” мен 2016 жылы Еске алу кешіне шақыруға арналған ұсыныстар. Үлгілерге қарап, өз ұсынысыңызды құрастырыңыз.

TREASURES FROM GOD’S WORD

Естер өз басын емес, Ехоба мен оның халқын ойлады

Ол басын қатерге тікті әрі Мардохайға яһудилерді құтқару үшін заң шығаруға көмектесті (Естер 6—10)

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Журналға өз ұсынысыңызды құрастырыңыз

Ұсыныс үлгілеріне қарап, “Күзет мұнарасы” мен “Ояныңдар!” журналдарына өз ұсынысыңызды құрастырыңыз.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Қонақтарды жылы қарсы алайық

Еске алу кешіне келген қонақтар мен қауымға келмей кеткендерді қалайша жылы қарсы алуымыз керек?

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

Әйүп сыналғанда мінсіздігінен таймады

Ол өзінің өмірінде Ехобаның ойып орын алатынын паш етті (Әйүп 1—5).

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

Адал Әйүптің ашынуы

Адам төзгісіз қайғыға душар болып, жігері құм болғаны Әйүпті есеңгіретіп тастады, бірақ ол Ехоба Құдайына деген сүйіспеншілігін суытпады (Әйүп 6—10).

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

Әйүп қайта тірілуге сенді

Ағаш діңгегінің тамырынан қайтадан өскін шығатындай, Әйүп те Құдайдың құдіретімен қайта тірілетініне сенген (Әйүп 11—15).

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Төлем қайта тірілуге жол ашты

Ехобаның берген төлемі болашақта адамдардың қайта тірілуіне жол ашып отыр. Сонда жерлеу рәсімінің орнын қайта тірілгендерді қарсы алу шаралары басады.