Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ӘЙҮП 1—5

Әйүп сыналғанда мінсіздігінен таймады

Әйүп сыналғанда мінсіздігінен таймады

Әйүп Ұз деген жерде өмір сүрді. Бұл уақытта исраилдіктер Мысырда тұтқында болған еді. Ол исраилдік болмаса да Ехобаға құлшылық еткен. Әйүп үлкен отбасының отағасы, аса дәу-летті, өз ортасының маңдайалды адамы болған. Жұрт оны ақсақал деп қадір тұтып, ешкімді бөліп-жармайтын әділ би деп білетін. Ол кедей-кепшіктен көмегін аямайтын қолы ашық, сонымен қатар мінсіз адам болған.

Әйүптің өмірінен Ехоба ол үшін ең маңызды Тұлға екені көрініп тұрды

1:8—11, 22; 2:2—5

  • Шайтан Әйүптің мінсіздігін байқамай қоймады. Ол Әйүптің Ехобаға бойсұнушылығын мойындамай, оның ниетіне шек келтірді

  • Шайтан Әйүпті Ехобаға пайдакүнемдікпен қызмет етіп жүр деп қаралады

  • Шайтан көтерген мәселені шешу үшін, Ехоба оның осы адал жанға шабуыл жасауына жол берді. Содан ол Әйүптің өмірін күл-талқан етті

  • Ал Әйүп мінсіздігінен таймағанда, Шайтан бүкіл адамзаттың мінсіздігіне шек келтірді

  • Әйүп күнә жасамады және Құдайға да тіл тигізген жоқ