Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Қонақтарды жылы қарсы алайық

Қонақтарды жылы қарсы алайық

23 наурызда 12 миллион не одан да көп қонақ Еске алу кешіне келеді деп күтілуде. Ехобаның сыйы — төлем құрбандығы мен оның болашақта әкелетін баталары жөнінде болатын баяндама қонақтар үшін жақсы куәлік болмақ! (Иш 11:6—9; 35:5, 6; 65:21—23; Жх 3:16). Алайда сол жиында куәлік беретін баяндамашы ғана емес. Қонақтарды жылы қарсы алу арқылы бәріміз де жақсы куәлік бере аламыз (Рм 15:7). Бұған қатысты кейбір кеңестер осында жазылған.

  • Орнымызда бағдарламаның басталғанын күтіп отырғаннан гөрі, қонақтар мен қауымға келмей кеткен жариялаушыларды жылы жүзбен қарсы алғанымыз абзал.

  • Өзіңіз шақырған қонаққа көңіл бөле отырып, науқан барысында шақырылған қонақтарға да мұқият болыңыз. Алғаш рет келген адамды қасыңызға отыруға шақырып, оған Киелі кітабыңыз бен ән кітабыңызды көрсетіп отырыңыз.

  • Келген қонақ баяндамадан кейін сізге сұрақтарын қоя алуына жағдай жасаңыз. Егер сіздің қауымыңыз басқа қауымға орын босату керек болып, уақыт тығыз болып жатса, онымен бір-екі күннің ішінде кездесуге қам жасаңыз. Егер оның телефонын не мекенжайын білмесеңіз, “Сіздің осы жиынға қатысты ойыңызды білгім келіп еді. Сізбен қалай байланысуға болады?” деп сұрауға болады.