Албанияда адамдарды Еске алу кешіне шақыру

“ӨМІРІМІЗ БЕН ҚЫЗМЕТІМІЗ” КЕЗДЕСУІНІҢ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ Наурыз 2017

Ұсыныс үлгілері

“Күзет мұнарасы” журналы мен Құдай үкіметі жайлы шындықты түсіндіруге арналған ұсыныстар. Үлгілерге қарап, өз ұсынысыңызды құрастырыңыз.

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

“Мен саған жар болып, құтқарамын”

Ехоба Құдай Еремияға пайғамбар боласың дегенде, ол өзін лайықсыз сезінді. Сонда Ехоба оны қалай нығайтты?

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

Олар Құдай еркін орындауды қойды

Исраилдіктер жай ырымын жасап құрбандық шалғандары жаман істерін ақтайды деп ойлады. Еремия пайғамбар олардың күнәларын және екіжүзділігін батыл әшкереледі.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

“Бүгінде Құдайдың еркін кім орындауда?” басылымын қолдану

Осы кітапшаның көмегімен зерттеушіні Ехоба куәгерлерімен таныстырып, атқаратын істеріміз бен ұйымымыз жайлы хабардар ете аласыз.

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

Адамзат тек Ехобаның нұсқауымен табысқа жете алады

Ежелгі Исраил халқында Ехоба Құдайдың нұсқауымен өмір сүргендер бейбіт те бақытты өмір кешіп, табысқа жеткен.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

“Құдайды тыңдаңыз, сонда мәңгі жасайсыз” басылымын қолдану

Нашар оқитын адамға Киелі кітап шындығын үйрету үшін суреттер мен жазба орындарын қолданыңыз.

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

Исраил Ехобаны ұмытты

Еремияға Евфрат өзеніне қарай 500 шақырым жол жүріп, сол жерде белбеуді жасырып қоюды тапсыруымен Ехоба нені түсіндіргісі келді?

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Отбасыңызға Ехобаны есте ұстауға көмектесіңіз

Жүйелі түрде пайдалы да қызықты отбасылық ғибадат өткізіп тұру үй ішіңізге Ехобаны ұмытпауға көмектеседі. Отбасылық ғибадатқа қатысты көбісі кезігетін қиындықтарды қалай еңсере аласыз?