Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

“Бүгінде Құдайдың еркін кім орындауда?” басылымын қолдану

“Бүгінде Құдайдың еркін кім орындауда?” басылымын қолдану

“Бүгінде Ехоба Құдайдың еркін кім орындауда?” кітапшасы зерттеушімен әр зерттеу сабағының басында не аяғында қарастырып отыруға арналған *. 1—4 тараулар зерттеушіні Ехоба куәгерлерімен таныстырады. Ал 5—14 тараулар оны біздің атқаратын істеріміз жайлы хабардар етеді. 15—28 тараулардан ол біздің ұйым туралы біледі. Негізінде, бұл тарауларды рет-ретімен талқылаған жөн. Алайда зерттеушіні басқа тақырыбы қатты қызықтырып жатса, соны қарастырып кетуге болады. Әр тарау бір бетті ғана алатындықтан, оны бес-он минут ішінде талқылап шығуға болады.

  • Тараудың тақырыбындағы сұраққа назар аударыңыз

  • Тарауды бірден бастан-аяқ не бөліп-бөліп оқып шығыңыздар

  • Оқығандарыңызды талқылаңыздар. Тараудың соңындағы сұрақтарды және суреттерді қолданыңыз. Қажет деп тапқан жазба орындарын оқып, талқылаңыз. Қою қаріппен жазылған тақырыпшалар негізгі тақырыптағы сұраққа жауап беретініне назар аударыңыз.

  • “Көбірек білгіңіз келсе” деген қоршау болса, оқып шығып, зерттеушіні сонда айтылғандарды істеуге талпындырыңыз.

^ 3-абзац Бұл басылымның онлайн нұсқасы жаңартулар енгізілген ең соңғы нұсқа болып табылады.