МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
“Құдайды тыңдаңыз, сонда мәңгі жасайсыз” басылымын қолдану
“Құдайды тыңдаңыз, сонда мәңгі жасайсыз” кітапшасы нашар оқитын не оқуды үйреніп жүрген адамдарға негізгі Киелі кітап шындықтарын үйретуге арналған. Екі беттен тұратын әр сабақтың жоғарғы сол жақ бұрышында сұрақ бар, ал жауабын сол беттердің өзінен табуға болады.
Кітапшадағы әр суреттің тұсында қысқаша түсініктеме мен жазба орындары келтірілген. Беттерінің көбісінің төменгі жағында талқылауға арналған қосымша қоршау бар, оны зерттеушінің қабілетіне қарай талқылап кетуге болады.
“Құдайды тыңдаңыз, сонда мәңгі жасайсыз” кітапшасын кез келген уақытта, ағымдағы айда ұсынылатын әдебиеттердің қатарында болмаса да қолдана аласыз. Зерттеу сабағын өткізгенде Киелі кітаптағы мәліметті түсіндіру үшін суреттерді қолданыңыз, сондай-ақ тұсындағы мәтін мен жазба орындарын бірге оқыңыздар. Адам өз пікірін білдіруі үшін және ұғынып жатқанына көз жеткізу үшін сұрақтар қойыңыз. Әр беттің соңындағы жазба орындарын оқып, талқылаңыздар. Кітапшаны зерттеп біткен соң, зерттеушіге алға басып, шомылдыру рәсімінен өтуге көмектесу үшін “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабымен зерттеу сабағын бастаңыз.