Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Отбасыңызға Ехобаны есте ұстауға көмектесіңіз

Отбасыңызға Ехобаны есте ұстауға көмектесіңіз

Еремия пайғамбар яһудилерге Ехоба Құдайларын ұмытқандары үшін төнгелі жатқан апат жайлы ескерту керек болды (Ерм 13:25). Олар мұндай рухани мүшкіл халге қалай жетті? Исраил отбасыларының рухани күйлері құлдыраған еді. Себебі отағалары Мұсаның 5-жазбасы 6:5—7 тармақтардағы Ехобаның нұсқауына құлақ аспай кеткен болса керек.

Бүгінде рухани мықты отбасылары қауымның рухани күйін сақтауға үлес қосады. Отағалары жүйелі түрде дұға айту және пайдалы да қызықты отбасылық ғибадат өткізіп тұру арқылы үй ішіне Ехобаны ұмытпауға көмектеседі (Зб 22:27). “Осы сөздер жүрегіңнен орын алсын. Отбасылармен сұхбат” бейнеролигін тамашалаған соң, төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіздер:

  • Отбасылық ғибадатқа қатысты көбісі кезігетін қиындықтармен кейбір отбасылар қалай күрескен?

  • Отбасылық ғибадатты үнемі әрі мағыналы етіп өткізіп тұрудың жемісі қандай?

  • Отбасылық ғибадатты өткізудің мен үшін қандай қиын жақтары бар? Оларды қалай шешсем болады?