Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ұсыныс үлгілері

Ұсыныс үлгілері

“КҮЗЕТ МҰНАРАСЫ”

Сұрақ: Сіздің ойыңызша, Құдайдың бізге берген ең керемет сыйы қандай?

Тармақ: Жх 3:16

Әдебиет: “Күзет мұнарасы” журналының осы санында Құдайдың неге Иса пайғамбарды біз үшін жерге жіберіп, өлімге қиғаны жайлы айтылады. Сондай-ақ осы сыйға деген алғысымызды қалай білдіре алатынымыз түсіндіріледі.

“ҚҰДАЙДЫҢ ҮКІМЕТІ ЖАЙЛЫ ЕСТІГЕНСІЗ БЕ?” (T-36)

Сұрақ: (Буклеттің мұқабасын көрсетіңіз.) “Құдайдың үкіметі жайлы естігенсіз бе?” деген сұраққа қалай жауап берер едіңіз: иә, естігенмін; бірінші рет естіп тұрмын; ол қандай үкімет?

Тармақ: Дн 2:44; Дн 7:14

Әдебиет: Бұл буклетте Құдай Патшалығы сізге қандай игілік әкелетіні түсіндіріледі.

ЕСКЕ АЛУ КЕШІНЕ ШАҚЫРУ ҚАҒАЗЫ

Әдебиет: Сізді бір маңызды жиынға шақырайын деген едік. (Шақыру қағазын көрсетіңіз.) 11 сәуірде жержүзі бойынша миллиондаған адам Иса пайғамбарды еске алу үшін жиналады. Сондай-ақ оның өлімінің біз үшін қандай мәні бар екені жайлы баяндама тыңдайды. Бұл шақыру қағазында осы жиынның өтетін жері мен уақыты көрсетілген. Келсеңіз, өте қуанышты боламыз.

МЕНІҢ ҰСЫНЫСЫМ:

Алдыңғы ұсыныс үлгілеріне қарап өз ұсынысыңызды құрастырыңыз.