Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Киелі кітапты зерттеушілерді дайындалуға үйрету

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Киелі кітапты зерттеушілерді дайындалуға үйрету

БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Киелі кітапты зерттеушілер зерттеу сабағына дайындалса, мәліметті жақсырақ түсініп, жақсырақ есте сақтайды. Осының арқасында тезірек рухани өседі. Тіпті шомылдыру рәсімінен өткен соң да, оларға кездесулерге және қызметке дайындалу керек болады. Бұл “сергек болуларына” көмектеседі (Мт 25:13). Сондықтан олар қалай зерттеуді білсе әрі зерттеудің жақсы дағдысын қалыптастырса, бұның өмір бойы пайдасын көреді. Біз ә дегеннен-ақ зерттеушілерімізге Киелі кітапты зерттеу сабағына дайындалуды әдетке айналдыруға көмектесуіміз қажет.

БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  • Өзіңіз үлгі көрсетіңіз (Рм 2:21). Әрбір зерттеу сабағына зерттеушіні ойда тұта отырып дайындалыңыз (km 11.15. 3-б.) Ол сіздің жауабы сызылған басылымыңызды көрсін.

  • Оны дайындалуға талпындырыңыз. Зерттеу жүйелі түрде өте бастаған соң, зерттеушіңізге сабаққа дайындалу — Киелі кітапты зерттеудің бір бөлігі екенін әрі мұның қандай пайдасы барын түсіндіріңіз. Дайындыққа қалай уақыт табуға болатынына қатысты пайдалы кеңестермен бөлісіңіз. Кейбір жариялаушылар өздерінің асты сызылған әдебиеттерін бүкіл сабақ бойы зерттеушіге беріп қояды, сонда ол дайындалудың қаншалықты пайдалы екенін көре алады. Зерттеуге дайындалса, оны міндетті түрде мақтаңыз.

  • Қалай дайындалу керектігін көрсетіңіз. Кей жариялаушылар Киелі кітапты зерттеуді енді бастаған адамға қалай дайындалуға болатынын көрсету үшін, түгел бір сабақты соған арнайды.