Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МАТАЙ 20, 21

“Кім ұлы болғысы келсе, сол сендерге қызметші болуы тиіс”

“Кім ұлы болғысы келсе, сол сендерге қызметші болуы тиіс”

20:28

Тәкаппар дін мұғалімдері мен парызшылдар “базар алаңында” жұрттың көзіне түсіп, өздеріне сәлем бергенін жақсы көретін

Тәкаппар дін мұғалімдері мен парызшылдар жұрттың назарын өздеріне аудартып, атақ-даңқ іздеген (Мт 23:5—7). Ал Иса мүлдем басқа болған. Ол “өзіне қызмет еткізуге емес, өзі қызмет етуге” келген (Мт 20:28). Біз бар күш-қуатымызды жұрттың сый-құрметі мен қошеметіне бөлейтін қызметтің түріне ғана жұмсаймыз ба? Ехобаның көз алдында ұлы болғымыз келсе, Исаға еліктеп, адамдарға көмектесуге дайын болуымыз қажет. Бұндай істі әдетте адамдар байқай бермейді, оны тек Ехоба ғана көреді (Мт 6:1—4). Кішіпейіл қызметші былай әрекет етеді:

  • Патшалық сарайын тазалау мен жөндеу жұмыстарына қатысады.

  • Қарттар мен мұқтаж адамдарға өз көмегін ұсынады.

  • Патшалық ісіне қаржылай қолдау көрсетеді.