МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Хат арқылы уағыздау
БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Қорынттықтарға арналған 1-хат — елші Пауылдың мәсіхшілерді жігерлендіру үшін жазған 14 хатының бірі. Хат жазғанда біз сөздерді мұқият таңдай аламыз, әрі хат алған адам оны бірнеше қайтара оқи алады. Хат арқылы туыстар мен таныстарымызға уағыздауға болады. Тағы бір тиімді жағы, бетпе-бет көрісе алмайтын адамдарға ізгі хабарды жеткізе аламыз. Мысалы, қызығушылық танытқан адамды үйінен таба алмай жүрген шығармыз. Кейбіреулер болса қатаң күзет қойылған не қоршалған тұрғын үйлерде, оқшау аймақтарда тұрады. Хат арқылы уағыздағанда, әсіресе бейтаныс адамға жазғанда, нені ескеру қажет?
БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
-
Адаммен жүздескенде не айтар едіңіз, соны қағаз бетіне түсіріңіз. Басында өзіңізді таныстырып кетіңіз және хат жазуыңыздың себебін нақты түсіндіріңіз. Адамды ойландыратындай сұрақ қойып, сайтымыздың мекенжайын келтірсеңіз болады. Киелі кітапты зерттеу сабағы жайлы айтып өтіп, зерттеуге арналған басылымның кейбір тақырыптарын келтіріп қойыңыз. Байланыс картасы, шақыру қағазы не буклет сияқты әдебиетті салып қойсаңыз болады.
-
Қысқа да нұсқа жазыңыз. Адам оқығанда жалығып кетпес үшін тым көп сөз жазбаңыз. (Хат үлгісін қараңыз.)
-
Қатесіз әрі түсінікті жазылғанына көз жеткізу үшін тағы бір оқып шығыңыз. Хатыңыздан достық пейіл, ілтипаттылық пен ізгі ниет сезіліп тұрсын. Пошта арқылы жіберетін болсаңыз, қажетінше марка жапсырыңыз.