Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Тәлім бергенде бейнероликтерді қолданыңыз

Тәлім бергенде бейнероликтерді қолданыңыз

Көрнекі құралдар адамның назарын жаулап алып, оқып-білгендерін түсінуге және есте сақтауға көмектеседі. Ұлы Тәлімгеріміз Ехоба маңызды нәрселерді үйреткенде көрнекі құралдарды қолданған (М1ж 15:5; Ерм 18:1—6). Ұлы Ұстазымыз Иса да осындай тәсілге жүгінген (Мт 18:2—6; 22:19—21). Соңғы жылдары көрнекі құралдардың ішінде әсіресе бейнероликтер өте тиімді болып отыр. Ал сіз зерттеушіңізге тәлім бергенде бейнероликтерді барынша қолданып жүрсіз бе?

Құдайдан келген қуанышты хабар” кітапшасындағы ілімдерді үйретуге көмектесетін қосымша он бейнеролик шығарылған. Жалпы алғанда, әрбір бейнероликтің атауы кітапшадағы қалың қаріппен жазылған сұрақтардың біріне сәйкес келеді. Осы кітапшаның сайттағы электронды нұсқасында бейнероликтерді қай кезде қолдану керектігі көрсетілген. Сондай-ақ тәлім беру құралдарының ішіндегі әртүрлі әдебиеттерімізден бөлек, басқа да бейнероликтеріміз бар.

Бәлкім, зерттеушіңізге Киелі кітаптың қандай да бір тақырыбын түсіну қиын шығар немесе сынаққа кезігіп жүрген болар. Сондай жағдайда jw.org® сайтынан не JW Broadcasting® арнасынан зерттеушіңізге пайдалы болатын бейнероликтерді іздеп көріңіз. Сосын оны бірге көріп талқыласаңыздар болады.

Әр ай сайын жаңа бейнероликтер жарық көріп тұрады. Оларды көргенде, “өзгелерге тәлім беру үшін қалай қолдансам болады” деп ойлана отырыңыз.