Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | РИМДІКТЕРГЕ 12—14

Мәсіхшілік сүйіспеншілік таныту деген не?

Мәсіхшілік сүйіспеншілік таныту деген не?

12:10, 17—21

Әлдекім біздің көңілімізге тигенде, мәсіхшілік сүйіспеншілік жамандыққа жамандықпен қайтармауды ғана емес, сол адамға мейірімді іс жасауды білдіреді. “Жауың ашықса, оны тамақтандыр; шөлдесе, ішетін су бер. Осылай етуіңмен оның басына қызып тұрған шоқ үйесің” (Рм 12:20). Бізді ренжіткен адамға жақсылықпен қайтарсақ, ол адам тіпті істегеніне өкінуі мүмкін.

Өзіңіз байқамай ренжітіп қойған адам сізге жақсылықпен қайтарғанда, не сезіндіңіз?