Жақып өзіне тиесілі батаны алды
Ысқақтың Жақыпқа берген батасы, негізінде, пайғамбарлық еді.
-
27:28. Ехоба Жақыптың ұрпақтарына “ағы мен балы ағыл-тегіл мол” құнарлы жерді берді (М5ж 26:15).
-
27:29. Исраилдіктер (Жақыптың ұрпақтары) едомдықтардан (Есаудың ұрпақтарынан) әлдеқайда мықты болды (М1ж 25:23; С2ж 8:14).
-
27:29. Исраилдіктерді жек көргені үшін едомдықтар қарғысқа ұшырап, түбінде жер бетінен халық ретінде жойылып кетті (Езк 25:12—14).