Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 1-ЖАЗБАСЫ 29, 30

Жақыптың үйленуі

Жақыптың үйленуі

29:18—28

Жақып үйленгенде, басына қандай қиындықтар түсетінін алдын ала білген жоқ. Рахила мен Лия бір-бірімен күндес болып кетті (М1ж 29:32; 30:1, 8). Алайда қаншама қиындық көрсе де, Жақып өзіне Ехобаның әрдайым жар болып жүргенін сезді (М1ж 30:29, 30, 43). Ақыр аяғында, оның үрім-бұтағы Исраил халқына айналды (Рут 4:11).

Қазіргі таңда да неке құруды шешкендер қиындықтарға кезігеді (Қ1х 7:28). Дей тұрғанмен олар Ехобаға арқа сүйеп, Киелі кітап принциптерін қолданар болса, некелерін баянды да бақытты ете алады (Н.с 3:5, 6; Еф 5:33).