Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік: Жанары сөнген жандарға уағыздау

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік: Жанары сөнген жандарға уағыздау

БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Жанары сөнген жандардың көбісі бейтаныс адаммен сөйлесуге тартынады. Сондықтан осындай кісілерге уағыздау асқан шеберлікті талап етеді. Ехоба зағип жандарды мейіріммен қамқорлайды (М3ж 19:14). Мұндай жандарға рухани көмек беру арқылы біз Ехобаға еліктей аламыз.

БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  • Оларды “іздеп табыңыз” (Мт 10:11). Зағип туысы бар біреуді білесіз бе? Сіз уағыздайтын аумақта зағиптарға арналған мектептер, сондай адамдар бар қарттар үйі не басқа да мекемелер бар ма? Бар болса, сол мекемелерге зағиптарға арналған басылымдарды ұсынып көруге болатын шығар.

  • Жеке қызығушылық білдіріңіз. Шын жүректен достық пейіл танытып, қызығушылық білдірсеңіз, зағип адам өзін еркін сезінетін болады. Әңгімені жергілікті жерде қызықты болатын тақырыптан бастауға тырысыңыз.

  • Рухани көмек көрсетіңіз. Көзі мүлдем көрмейтін я нашар көретін жандарға көмектесу үшін ұйым түрлі форматтағы әдебиеттерді басып шығаруда. Зағип кісіден қандай форматта оқыған ыңғайлы екенін сұраңыз. Қызмет бақылаушысы әдебиетке жауапты бауырластың зағип кісі таңдаған форматтағы басылымға тапсырыс берген-бермегеніне көз жеткізу керек.