МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Кімді шақырайын?
Еске алу кешін бізбен бірге атап өтулері үшін, біз жыл сайын аумақтағы адамдарды шақыруға ерекше күш саламыз. Олардың көбісін біз танымаймыз. Алайда таныс адамдарды да шақыруды ұмытпауымыз керек. Көбінесе осы кешке танысынан шақыру алған адамдар келіп жатады (yb08-U 11-б., 3-абз.; 14-б., 1-абз.). Сіз кімдерді шақырсаңыз болады? Бәлкім:
-
туған-туыстарды
-
әріптестер мен сыныптастарды
-
көршілерді
-
қайта барып жүрген адамдарыңызды; Киелі кітапты бұрын зерттеген не қазір зерттеп жатқандарды.
Бұған қоса, ақсақалдар қауымға келмей, уағыздамай жүргендерді шақырады. Ал егер танысыңыз басқа жерде тұрса ше? Ол жердегі Еске алу кешінің уақыты мен мекенжайын білу үшін jw.org сайтының негізгі бетіндегі БІЗ ЖӨНІНДЕ деген батырманы басып, “Еске алу кеші” дегенге кіріңіз. Осы жылғы кешке дайындалу барысында кімді шақыратыныңызды ойланып алыңыз да, кейін соларды шақырыңыз.