Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ӘЙҮП 21—27

Әйүп жаман ойға берілмеді

Әйүп жаман ойға берілмеді

Шайтан Ехобаға қызмет ететіндердің рухын күйрету үшін өтірікті судай сіміреді. Әйүп кітабынан Шайтанның өтірігі мен Ехобаның шынайы сезімдерінің арасындағы айырмашылықтың жер мен көктей екенін көре аласыз. Осы кітаптан Ехобаның қамыңызды ойлайтынына дәлел болатын тармақтарды жазып алыңыз.

ШАЙТАННЫҢ ӨТІРІГІ

ЕХОБАНЫҢ КӨЗҚАРАСЫ

Құдайдың қызметшілері не істемесін, олар ешқашан Құдайдың көңілінен шыға алмайды, себебі ол өте қатал. Оған ешқандай тұлға ұнамды бола алмайды (Әп 4:18; 25:5)

Ехоба біздің кішігірім талпынысымызды да бағалайды (Әп 36:5)

Пенденің Құдайға түкке де қажеті жоқ (Әп 22:2)

Ехоба біздің адал атқарған қызметімізді қабыл алады, әрі жарылқайды (Әп 33:26; 36:11)

Құдайға адамның мінсіздігінен келіп-кетер пайда жоқ (Әп 22:3)

Ехоба әділдерге назарын салады (Әп 36:7)