Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

Конгреске шақыру науқаны

Конгреске шақыру науқаны

Жыл сайын аймақтық конгреске мол рухани дастарқаннан дәм татуға бәріміз де қуана келеміз. Ехобаның ізгілігіне басқалар да көз жеткізе алуы үшін конгреске мүмкіндігінше көп адамды шақырғымыз келеді (Зб 34:8). Сондықтан әр қауымдағы ақсақалдар кеңесі бұл үшін не істеуге болатынын ойластырады.

ЕСТЕ САҚТАУ ҮШІН

  • Мен баратын конгрестің өтетін күні:

  • Біздің аймақта науқан басталатын күн:

  • Уағызға арналған кездесулердің өтетін уақыты:

  • Науқан кезінде қол жеткізгім келетін мақсаттар:

  • Конгреске шақырғым келетін адамдар:

ҰСЫНЫС

Адаммен амандасқан соң, былай деуге болады:

“Біз дүниежүзі бойынша өтіп жатқан науқанға қатысып жүрміз. Сізді өте маңызды бір жиынға шақырайық деп едік. [Шақыру қағазынан конгрестің күнін, уақыты мен мекенжайын көрсет.] Келсеңіз, өте қуанышты боламыз”.

АДАМНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Конгреске көп адамды шақырғымыз келсе, адамның танытқан кішкене де болса қызығушылығын арттырайық.