Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Әңгіме бастауға арналған жаңа айдар

Әңгіме бастауға арналған жаңа айдар

2016 жылдың қаңтарынан бастап көпшілікке арналған “Күзет мұнарасының” соңғы бетінде “Киелі кітапта не делінген?” деп аталатын айдар шығатын болды. Бұл айдар адамдармен Киелі кітапқа негізделген әңгіме бастау үшін шығарылған. Құрылымы жағынан бұл айдар буклеттерге ұқсайды. Онда адамның ойын білу үшін сұрақ қойылады, оған Киелі кітаптан жауап жазылады, сосын талқылауға арналған қосымша ойлар келтіріледі.

Киелі жазбалардың төңірегіндегі әңгімелер жиі Киелі кітап зерттеу сабағына ұласып жатады. Осы айдар сізге көптеген адамның рухани шөлін қандыруға көмектеседі деп сенеміз (Мт 5:6).

ОСЫ АЙДАРДЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?

  1. Келтірілген сұрақтардың бірін үй иесіне қойып, пікірін біліңіз

  2. Жауабын мұқият тыңдаңыз

  3. “Киелі кітапта былай делінген” деген тақырыпшаның астындағы тармақты оқып, ойын сұраңыз. Егер уақыты болса, “Киелі кітапта тағы не жазылған?” деп аталатын тақырыпшадағы ойларды талқылап, әңгімені жалғастыруға болады

  4. Осы журналды сайттан жүктеп алуға болатынын айтыңыз

  5. Екінші сұрақты қарастыру үшін келесі рет кездесуге келісіңіз