Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Уағыздамай жүрген мәсіхшіге көңіл бөлейік

Уағыздамай жүрген мәсіхшіге көңіл бөлейік

Жыл сайын көптеген уағыздамай жүрген мәсіхшілер Еске алу кешіне келеді. Олар өмір үшін жарыста жүгіруді бастап, бірақ әр түрлі себептермен жылдамдықтарын бәсеңдетіп алған. Сондай себептердің кейбірі “Ехобаға қайта орал” деген кітапшада жазылған (Ев 12:1). Өз Ұлының қанымен сатып алған бұл жандарды Ехоба әлі де қымбат көреді (Е.і 20:28; Пт1х 1:18, 19). Оларға қауымға оралуға көмектесу үшін біз не істей аламыз?

Шопанның отардан адасып кеткен қойды жан сала іздейтіні сияқты, қауым ақсақалдары да уағыздамай жүрген мәсіхшілерді тауып, оларға көмектесуге барын салады (Лқ 15:4—7). Бұл Ехобаның сүйіспеншілікке толы қамқорлығын паш етеді (Ерм 23:3, 4). Ақсақалдар ғана емес, әрқайсысымыз да мұндай жандарға көңіл бөле аламыз. Мейірім мен жанашырлық танытуға күш салғанымыз Ехобаны қуантады және батаға кенелтеді (Н.с 19:17; Е.і 20:35). Ендеше, кімге көңіл бөлуге болатыны жайлы ойланайық, әрі мұны кейінге қалдырмайық!

“УАҒЫЗДАМАЙ ЖҮРГЕНДЕРГЕ КӨҢІЛ БӨЛУ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІП КӨРІҢІЗ:

  • Эбби өзі танымайтын Куәгерді кездестіргенде, не істеді?

  • Уағыздамай жүрген бауырласқа көмектесу жайлы ойланып жүрген болсақ, неге ақсақалдарға жүгінгеніміз дұрыс?

  • Лораға екінші рет келмес бұрын, Эбби қалай дайындалып алды?

  • Лораға көмектесу үшін қалай Эбби табандылық, шыдамдылық, сүйіспеншілік танытты?

  • Лұқа 15:8—10 тармақтағы Исаның астарлы әңгімесінен неге үйренеміз?

  • Лораға көмектесуге барлығының күш салғаны қандай жақсы нәтиже әкелді?