Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Батылдық дарытатын Патшалық әндері

Батылдық дарытатын Патшалық әндері

Пауыл мен Сыйлас түрмеде отырып Құдайды әнмен мадақтаған (Е.і 16:25). Біздің күндерімізде де бауырластар нацистік Германиядағы Заксенхаузен концлагерінде және Сібірге айдалған кезде Патшалық әндерін айтқан. Бұл мысалдар әннің сынаққа ұшыраған мәсіхшілерге батылдық дарытатын құдіреті бар екенін дәлелдейді.

“Ехобаға қуана ән шырқайық!” деп аталатын ағылшын тіліндегі жаңа ән кітабы жуырда басқа тілдерде де жарық көреді. Қолымызда қандай ән кітабы болмасын, әндерді отбасылық ғибадатта айтып, сөздерін жаттап алуға тырысайық (Еф 5:19). Сонда сынақтарға кезіккенде киелі рух оларды есімізге түсіреді. Патшалық әндері бізге үмітімізден көз жазбауға көмектеседі, жанымыз қиналғанда рухымызды көтереді. Ал жағдайымыз жақсы кезде рухты көтеретін әндерді ашып, жүрегімізді шаттық кернегендіктен “қуана ән шырқасақ” болады (Ш1ж 15:16; Зб 33:1—3). Патшалық әндерімізді барынша тиімді пайдалануға тырысайық!

“ҚАРА ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ РУХЫН КӨТЕРГЕН ӘН” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІП КӨРІҢІЗ:

  • Фрост бауырласты ән шығаруға не талпындырды?

  • Қалай бұл ән Заксенхаузен концлагеріндегі бауырластардың рухын көтерді?

  • Патшалық әндері сізді күнделікті қандай жағдайларда нығайта алады?

  • Қай Патшалық әндерін жаттап алғыңыз келер еді?