Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ЕРЕМИЯ 25—28

Еремия сияқты батыл болайық

Еремия сияқты батыл болайық

Еремия пайғамбар Иерусалимнің Шило сияқты қаңырап қалатынын ескерткен

26:6

  • Ехобаның өз халқымен бірге екенін бейнелейтін келісім сандығы бір уақыттары Шилода тұрған

  • Ехоба келісім сандығының філістірлердің қолына түсуіне жол берді, содан кейін ол Шилоға мүлдем қайтарылмады

Діни қызметкерлер, пайғамбарлар мен бүкіл жұрт Еремияны өлтіреміз деп сес көрсетті

26:8, 9, 12, 13

  • Иерусалим мен ғибадатханаға қарсы пайғамбарлық еткені үшін жұрт Еремияны ұстап алды

  • Еремия Ехобаға деген қызметін тастап, қашып кеткен жоқ

Ехоба Еремияны қорғады

26:16, 24

  • Еремия батылдығын жоғалтқан жоқ және Ехоба оны қалдырмады

  • Құдай батыл Ахиқамды Еремияны қорғауға талпындырды

Ехобаның қолдап, жігер бергенінің арқасында Еремия жұрттың құлағына жақпаған хабарды 40 жыл бойы жариялады