Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Оларды құшақ жая қарсы алайық

Оларды құшақ жая қарсы алайық

Кімдерді құшақ жая қарсы алуымыз керек? Кездесуге келетіндердің бәрін — жаңадан келе бастағандарды да, бұрыннан келіп жүргендерді де (Рм 15:7; Ев 13:2). Олар өзге елден қонаққа келген бауырласымыз не ұзақ жылдан бері қауымға келмей кеткен мәсіхші болуы мүмкін. Солардың орнында болсаңыз сіз не сезінер едіңіз? Құшақ жая қарсы алғандарына риза боларыңыз анық (Мт 7:12). Ендеше неге қауымның алдында және қауымнан кейін өзгелермен сәлемдесіп шығуға күш салмасқа? Бұл қауымда жылулық пен сүйіспеншіліктің болуына септігін тигізеді, әрі Ехобаға мадақ әкеледі (Мт 5:16). Әрине, келген әр адаммен жеке сөйлесу мүмкін емес шығар. Алайда әрбіріміз қолдан келгенше тырыссақ, көруге қуанышты екенімізді бәрі сезінеді *.

Біз қонақжайлылықты тек Еске алу кеші сияқты ерекше жағдайларда ғана емес, барлық уақытта танытуымыз қажет. Жаңадан келгендер іс жүзінде сүйіспеншілік танытатынымызды көргенде, Құдайды дәріптеуге және бізбен бірге оған ғибадат етуге ықыластануы мүмкін (Жх 13:35).

^ 3-абзац Қауымнан шығарылған не шындықтан бас тартқан адамдар жиналысқа келгенде, Киелі кітап принциптеріне сай, біз олармен араласпаймыз (Қ1х 5:11; Ж2х 10).