Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ұсыныс үлгілері

Ұсыныс үлгілері

“ОЯНЫҢДАР!”

Сұрақ: Бүгінде фильмдер мен теледидар бағдарламаларында сиқыршы, мыстан мен вампир сияқты тылсым дүние кейіпкерлерін жиі көрсетеді. Сіздіңше бұл жай ғана көңіл көтеру ме, әлде астарында қандай да бір қауіп бар ма?

Әдебиет: “Ояныңдар!” журналының мына санында адамдардың неліктен тылсым күшке тәнті екендері жайлы және тылсым күштердің қайдан шыққаны туралы айтылады.

ШЫНДЫҚТЫ ҮЙРЕТЕЙІК

Сұрақ: Құдай Патшалығы дүниеде болып жатқан қиындықтарды қалай шешеді?

Тармақ: Мт 6:10

Шындық: Құдай Патшалығы тура көктегідей, жер бетінде де тыныштық, ынтымақ пен қауіпсіздік орнатады.

“ҚҰДАЙДЫҢ ҮКІМЕТІ ЖАЙЛЫ ЕСТІГЕНСІЗ БЕ?” (Т-36) (Қайта бару)

Сұрақ: (Соңғы бетіндегі сұраққа назар аударыңыз.) Құдайдың үкіметі билік еткенде, өмір қандай болады?

Тармақтар: Зб 37:29; Иш 65:21—23

Әдебиет: (“Қуанышты хабар” кітапшасын көрсетіңіз.) Мына кітапшаның 7-сабағында бұл уәделердің әрбірімізге қандай қатысы бар екені талқыланады. (Осы кітапшаны қолданып, Киелі кітапты зерттеу сабағын бастаңыз.)

МЕНІҢ ҰСЫНЫСЫМ:

Алдыңғы ұсыныс үлгілеріне қарап өз ұсынысыңызды құрастырыңыз.