Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Еске алу кешіне қалай дайындаласыз?

Еске алу кешіне қалай дайындаласыз?

Осы жылдан бастап, Еске алу кеші жұмыс күндеріне түссе, сол аптада “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуі болмайды. Ал демалыс күндеріне түссе, көпшілікке арналған баяндама мен “Күзет мұнарасын” зерттеу кездесуі өткізілмейді. Демек, бізде Мәсіхтің өлімін еске алу кешіне дайындалуға көбірек уақыт болады. Сіз осы қосымша уақытты мейлінше тиімді пайдаланасыз ба? Мәселен, бірінші ғасырдағыдай, қауымда осы ерекше жиынға байланысты дайындық жұмыстары жасалуы тиіс (Лқ 22:7—13; km 3.15. 1-б.). Бұдан бөлек, барлығымыз осы кешке жүрегімізді дайындауымыз қажет. Бұл үшін:

  • осы кешке барудың мән-маңызына ой жүгіртіңіз (Қ1х 11:23—26)

  • Ехобамен қарым-қатынасыңыз жайлы ойланып, дұға етіңіз (Қ1х 11:27—29; Қ2х 13:5)

  • Еске алу кешінің мәнін жан-жақты ашатын жазба орындары мен Киелі кітапқа негізделген мәліметтерді оқып, ой қозғаңыз (Жх 3:16; 15:13)

Кейбір жариялаушылар “Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу” кітапшасындағы Еске алу кешіне қатысты Киелі кітап тармақтарын оқып, ой жүгіртеді. Кейбіреулер болса төмендегі кестеде келтірілген тармақтарды оқиды. Басқалары “Күзет мұнарасындағы” Еске алу кешіне және Ехоба мен Исаның бізге танытқан сүйіспеншілігіне қатысты бірсыпыра мақалаларды оқып шығады. Әдістердің қайсыбірін таңдасаңыз да, бұл сіздің Ехоба мен оның Ұлына жақындай түсуіңізге сеп болсын!