Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

“Жалған құдай мүсіндерінен арылыңдар”

“Жалған құдай мүсіндерінен арылыңдар”

Жақыптың заманында пұттарға қатысты заң әлі берілмеген болса да, ол Ехобаның қалтқысыз берілуге лайық Құдай екенін білген (М2ж 20:3—5). Сондықтан Ехоба оған Бетелге қайтуды айтқанда, Жақып қасындағыларының бәріне жалған құдайлардан арылуды бұйырды. Сосын ол жалған құдай мүсіндерінің, сондай-ақ сырғалардың да (тұмар ретінде тағылса керек), көзін құртты (М1ж 35:1—4). Бұл әрекеті Ехобаның көңілінен шыққаны сөзсіз.

Бүгінде біз Ехобаға қалтқысыз берілгенімізді қалай көрсете аламыз? Бұл үшін жалған құдайлармен және спиритизммен байланысты кез келген нәрседен аулақ жүргеніміз маңызды. Сиқырлыққа қатысы бар барлық заттан арылуымыз және қалай көңіл көтеретінімізді мұқият тексеруіміз керек. Өзіңізді мына сұрақтармен тексеріп көріңіз: “Маған вампирлер, зомбилер не тылсым күштер туралы кітаптар мен фильмдер ұнай ма? Мен таңдайтын ойын-сауық түрлерінде сиқыр мен дуаны жай қызық қылып көрсете ме?” Ехоба жек көретін нәрселерден бойымызды аулақ ұстап, еш жоламауымыз қажет (Зб 97:10).

ІБІЛІСКЕ ҚАРСЫ ТҰРЫҢДАР” ДЕГЕН БЕЙНЕҚОЙЫЛЫМДЫ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, МЫНА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Палеса деген зерттеушінің өмірінде қандай қиындық туындады?

  • Спиритизммен байланысты мәселелерде көмекті неге ақсақалдардан іздеген жөн?

  • Ібіліске қарсы тұрып, Құдайға жақындаңыз (Жқ 4:7, 8)

    Ехоба бізді қорғасын десек, қандай заттардан арылуымыз қажет?

  • Палеса қалай нық шешіммен әрекет етті?

  • Сіз тұратын жерде жындардың ықпалына түсіп қалмас үшін не істеуге болады?