Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ЗӘБҮР 87—91

Алла Тағаланың құпия жерінде мекендей берейік

Алла Тағаланың құпия жерінде мекендей берейік

Ехобаның “құпия жерінде” рухани қорғанышқа ие бола аламыз

91:1, 2, 9—14

  • Бүгінде Ехобаның құпия жерінде мекендеу үшін, біз оған бағышталып, шомылдыру рәсімінен өтуіміз керек

  • Құдайға сенім артпайтын адамдар бұл жерді білмейді

  • Ехобаның құпия жерінде мекендейтіндер Құдайға деген сенімі мен сүйіспеншілігінен айыруы мүмкін кез келген адамнан не нәрседен қорғана алады

“Құс аулаушы” бізді өз тұзағына түсіргісі келеді

91:3

  • Құстар өте сақ келеді, оларды тұзаққа түсіру оңай емес

  • Құс аулаушылар құстардың әдеттегі қимыл-қозғалыстарын мұқият бақылап, оларды ұстаудың жолдарын ойластарады

  • Шайтан да “құс аулаушы” сияқты. Ол Ехобаның қызметшілерін аңдып, оларды рухани жағынан құлдырату үшін тұзақтар құрады

Шайтан қолданатын төрт тұзақ:

  • адамнан қорқу

  • дүниеқоңыздық

  • зиянды көңіл көтеру түрлері

  • келіспеушіліктер