ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ
Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Қызығушыларға Құдайға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өтуге көмектесейік
БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Ехобаға ұнамды болу үшін Киелі кітап зерттеушілері оған бағышталып, шомылдыру рәсімінен өтулері керек (Пт1х 3:21). Ал бағышталғаннан кейін, Құдайдың заң-талаптарына сай жүретіндер оның рухани қорғанышына ие болады (Зб 91:1, 2). Біз өмірімізді қандай да бір адамға, іске не ұйымға емес, Ехоба Құдайға бағыштаймыз. Сол себепті зерттеушінің Құдайға деген сүйіспеншілік пен ризашылық дамытқаны маңызды (Рм 14:7, 8).
БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
-
Зерттеу барысында қарастырып жатқан мәліметтен Ехоба жайлы не білуге болатынына назар аударған дұрыс. Сондай-ақ Киелі кітапты күнде оқып, Ехобаға үнемі дұға етудің маңызды екенін айтып отырғаныңыз жақсы (Сл1х 5:17; Жқ 4:8).
-
Зерттеушіні бағышталу мен шомылдыру рәсімінен өтуді мақсат етуге талпындырыңыз. Сондай-ақ қауымда жауап беру немесе көршілері мен әріптестеріне уағыздау сияқты кішігірім мақсаттарға қол жеткізуге көмектесіңіз. Бірақ Ехоба ешкімді өзіне қызмет етуге мәжбүрлемейтінін ұмытпаңыз. Бағышталу — әр адамның жеке шешімі (М5ж 30:19, 20).
-
Ехобаның көңілінен шығып, шомылдыру рәсімінен өтуге лайық болу үшін зерттеушіні қажетті өзгерістер жасауға талпындырыңыз (Н.с 27:11). Бойына сіңген жаман әдеттері мен қандай да бір іс-әрекеттерден арылып, жаңа болмысқа ие болуы үшін зерттеушіге үнемі көмектесіп отыруымыз қажет (Еф 4:22—24). Оған “Күзет мұнарасы” журналының “Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді” айдарындағы мақалаларды көрсетсеңіз болады.
-
Ехобаға қызмет етуден өзіңіз қандай қуаныш алатыныңызды айтып беріңіз (Иш 48:17, 18).