МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Қыркүйек айында “Күзет мұнарасын” қолдану науқаны
Бүгінде тығырыққа тіреліп, күш-жігерге мұқтаж болған адам көп (Уғ 4:1). Қыркүйек айында осындай адамдарға үміт отын жағуға көмектесетін “Күзет мұнарасын” қолдануға бар күшімізді салайық. Қызметте осы журналға мүмкіндігінше көп адамның назарын аударуға тырысайық.
ӘҢГІМЕ БАСТАУ ЖОЛЫ
“Бәріміздің де жабырқайтын кезіміз болады. Осындайда кімнен үміт күтеміз? (Қорынттықтарға 2-хат 1:3, 4 оқыңыз.) Мына журналда Құдайдың бізге қалай тірек бола алатыны жазылған”.
Адам айтылғанға қызығушылық танытса...
“КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУДЫҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРСЕТІҢІЗ
Сосын Киелі кітапты зерттеуді ұсынып көріңіз.
КЕЛЕСІ РЕТ ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ НЕГІЗ ҚАЛАҢЫЗ
Келесіде жауап беретін сұрақ қойыңыз. Мысалы: “Неліктен Құдай қайғы-қасіретке жол беріп отыр?”— деп сұрасаңыз болады.