Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

“Мәсіх ол үшін де өмірін қиды”

“Мәсіх ол үшін де өмірін қиды”

Иса өз өмірін кемелсіз адамдар үшін құрбан етті (Рм 5:8). Бізге осылай сүйіспеншілік танытқаны үшін қай-қайсымыздың да оған алғысымыз шексіз! Иса өз өмірін барлық бауырластар үшін бергенін арагідік есімізге салып тұрғанымыз дұрыс. Өзіміз сияқты кемелсіз бауырластарды жақсы көруге келгенде Исаға қалай еліктей аламыз? Мұның үш жолы бар. Біріншіден, достарымыздың қатарын кеңейтіп, басқа ортадан шыққан бауырластармен де дос болайық (Рм 15:7; Қ2х 6:12, 13). Екіншіден, басқалардың көңіліне тиетін сөздер мен әрекеттерден аулақ болайық (Рм 14:13—15). Үшіншіден, бізді ренжіткен адамды кешіруге асық болайық (Лқ 17:3, 4; 23:34). Осылай Исаға барынша еліктейтін болсақ, Ехоба қауымның бірлігі мен татулығына әрі қарай да батасын береді.

ЖАҚСАРА БЕРЕЙІК!” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Мики жаңа қауымы жайлы алғашында қандай ойда болды?

  • Оның ойы қалай өзгерді?

  • Исаның үлгісі Микидің көзқарасына қалай әсер етті? (Мр 14:38)

  • Нақыл сөздер 19:11 бауырластармен қарым-қатынасымызға қалай әсер етеді?