Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Жастар, “игі істерге ынталы” болыңдар

Жастар, “игі істерге ынталы” болыңдар

Елші Пауыл рухтың жетелеуімен жазған хатында жас жігіттерге, оның ішінде Тит те бар, “барлық жағынан игі істермен үлгі көрсету” керектігін айтқан (Тт 2:6, 7). Артынан осы тарауда ол Ехобаның халқы “игі істерге ынталы” болу үшін тазартылғанын айтты (Тт 2:14). Сол игі істердің бірі — Құдай Патшалығы жайлы уағыздау мен тәлім беру. Егер де сен жас болсаң, жастық күш-қайратыңды қосалқы не тұрақты ізашар болып қызмет етуге жұмсай аласың ба? (Н.с 20:29).

Ізашар болып қызмет еткің келсе, алдымен осы мақсатқа жететіндей жоспар құр (Лқ 14:28—30). Мысалы, толық уақытты қызмет кезінде өзіңді қалай қаржылай қамтамасыз етесің? Сағат нормасын қалай орындайсың? Мән-жайдың бәрін Ехобаға айтып, көмек сұра (Зб 37:5). Құрған жоспарыңа қатысты ата-анаңмен және жетістіктерге жеткен ізашарлармен кеңес. Сосын мақсатыңа жету үшін әрекет жаса. Ехоба сенің зор талпынысыңды міндетті түрде жарылқайды!

ЖАСТАР ЕХОБАНЫ ДАҢҚТАУДА” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРГЕН СОҢ, ТӨМЕНДЕГІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢДЕР:

  • Кейбір жастарға ізашар болуға не кедергі еткен және олар мұны қалай жеңді?

  • Ата-аналар балаларына тұрақты ізашар болуға қалай көмектессе болады?

  • Неліктен уағызға арналған кесте құрудың маңызы зор?

  • Қауымдағы бауырластар қалай ізашардың жігерін қайрап, қол ұшын бере алады?

  • Ізашарлар қандай баталарға кенеледі?

Ізашар болу үшін мен не істеуім қажет?