МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
“Ешқашан уайымдамаңдар”
Ехоба ежелгі Исраилдегі кедейлерге қол ұшын созған. Ал бүгінде ол тұрмысы нашар қызметшілеріне қалай көмектеседі?
-
Ақшаға қатысты дұрыс көзқараста болуды үйретеді (Лқ 12:15; Т1х 6:6—8)
-
Өздерінің қадір-қасиетін сезінуге көмектеседі (Әп 34:19)
-
Аянбай еңбек етуді әрі зиянды әдеттерден аулақ болуды үйретеді (Н.с 14:23; 20:1; Қ2х 7:1)
-
Сүйіспеншілікке бөлейтін бауырластық берді (Жх 13:35; Ж1х 3:17, 18)
-
Оларға үміт сыйлайды (Зб 9:18; Иш 65:21—23)
Халіміз қаншалықты мүшкіл болса да, бізге уайымға салынудың қажеті жоқ (Иш 30:15). Ехобаның Патшалығын бірінші орынға қоя берсек, ол қажетімізді қамдайды (Мт 6:31—33).
“СҮЙІСПЕНШІЛІК ЕШ САРҚЫЛМАЙДЫ... ЖОҚШЫЛЫҚ КӨРСЕК ТЕ (КОНГО)” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП, МЫНА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Аймақтық конгресс өтетін маңда тұратын бауырластар алыстан келетін бауырластарға қалай қонақжайлылық көрсетті?
-
Бұл видеодан Ехобаның кедейлерді жақсы көретіні жайлы не білдік?
-
Тұрмыс жағдайымызға қарамастан Ехобаға қалай еліктей аламыз?