ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ | ҚЫЗМЕТТЕГІ ҚУАНЫШЫҢЫЗ АРТСЫН
Жанашырлық танытыңыз
Жанашырлық — біреудің сезімін, ой-пікірін, құндылықтары мен мұң-мұқтажын түсіне білу қабілеті. Адамдар сіздің жанашырлығыңызды бірден сезеді. Жанашыр болу үшін өзгелерге шын пейілден көмектесуді қалауымыз керек. Қызметте жанашырлық танытсақ, адамдар бізден Ехобаның сүйіспеншілігі мен қамқорлығын көріп, оған тартыла түседі (Фп 2:4).
Жанашырлық — жай меңгеріп ала салатын тәсіл емес, жүректен шығатын сезім; ол қалай тыңдап, қалай сөйлейтінімізден, адамға деген көзқарасымыздан, ым-ишаратымыз бен бет қимылымыздан көрінеді. Адамға шын жүректен көңіл бөлу арқылы жанашырлық таныта аламыз. Оны не қызықтыратынына, діни ұстанымдарына, жағдайының қандай екеніне назар аударамыз. Іс жүзінде пайдалы болатын мәлімет ұсынып, көмек қолын созамыз, бірақ өзгеруге қыштамаймыз. Олар көмегімізді қабыл алса, қуанышымыз одан сайын артады!
“ШӘКІРТ ДАЙЫНДАУДЫҢ ҚУАНЫШЫНА КЕНЕЛІҢІЗ: ШЕБЕРЛІГІҢІЗДІ ШЫҢДАҢЫЗ. ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТУ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Лара кешігіп келген кезде, Нита қалай жанашырлық танытты?
-
Лара зерттеуге шамасы жоқ екенін айтқанда ше?
-
Лара “онша жинақы емеспін” дегенде ше?