Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Жасы үлкен әйелдерді анадай, жас қыздарды әпке-қарындастай көріңіз

Жасы үлкен әйелдерді анадай, жас қыздарды әпке-қарындастай көріңіз

Жазбаларда жасы үлкен бауырластарға анамыздай, әкеміздей, ал өзімізден кішілерге іні-қарындастай қарауымыз керектігі айтылған (Тімөтеге 1-хат 5:1, 2 оқыңыз). Әсіресе ер бауырластардың әйел бауырластарды сыйлап, құрметтегені абзал.

Ер бауырлас ешқашан қыз бауырласқа қырындап, ол өзін ыңғайсызданып қалатындай ештеңе жасамау керек (Әп 31:1). Бойдақ ер бауырлас қыз бауырластың сезімімен ойнап, көңілі бардай әрекет етіп, жалған үміт бермейді.

Егер әйел бауырлас құрметпен бір сұрақ қойса немесе мән берілуі қажет бір мәселені қозғаса, ақсақалдар оларды зейін салып тыңдауы қажет. Ақсақалдар қорғаныш болатын күйеуі жоқ әйел бауырластарға әсіресе қамқорлық көрсетеді (Рут 2:8, 9).

ҚАУЫМДА САРҚЫЛМАЙТЫН СҮЙІСПЕНШІЛІК ТАНЫТАЙЫҚ: ЖЕТІМ-ЖЕСІРЛЕРГЕ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, ТӨМЕНДЕГІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Қауымдағы бауырластар Мьин бауырласқа қалай ерекше сүйіспеншілік танытты?

  • Бауырластардың сүйіспеншілігі ауылдағы адамдар үшін қандай куәлік болды?

  • Бауырластардың сүйіспеншілігі Мьин бауырласқа қалай әсер етті?

Қауымыңыздағы әйел бауырластарды жақсы көріп, қамқорлайтыныңызды іс жүзінде қалай көрсете аласыз?