МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Пікірлесу үлгілерін қалай қолданған жөн?
Пікірлесу үлгілерін дайындау үшін ерен еңбек атқарылады. Жариялаушылар олардың көп пайдасын көріп жүр. Алайда әр жердің жағдайы әртүрлі болғандықтан, бауырластар қызметте жергілікті адамдарға бейімделіп, әртүрлі жолмен әңгіме бастайды, әртүрлі тақырыпта сөйлеседі. Әрине, арнайы науқан кезінде олар берілген нұсқауларды ұстану керек. Ең бастысы, біздің мақсатымыз — Патшалық жайлы ізгі хабарды уағыздаңдар деген Исаның тапсырмасын орындау (Мт 24:14).
2020 жылдың маусым айында шыққан жұмыс дәптерінің 8-бетінде қауымда тапсырма орындауға қатысты нұсқау берілген еді. Қазір ол өзгертілді. Енді жариялаушылар, нақты нұсқау болмаған жағдайда, пікірлесу үлгісіндегі алғашқы сұрақты, тармақты, келесі жолы талқылайтын сұрақты және уағыздау түрін жергілікті жағдайға бейімдеп өзгерте алады. Бірақ, ең бастысы, пікірлесу үлгісінің негізгі тақырыбын қалдыру қажет.