Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Отбасы бақытына өз үлесіңізді қосыңыз

Отбасы бақытына өз үлесіңізді қосыңыз

Ехоба отбасылардың бақытты болғанын қалайды (Зб 127:3—5; Уғ 9:9; 11:9). Алайда осы дүниедегі стресті жағдайлар, отбасында біреудің жасаған қателіктері отбасын қуаныштан айырып жатады. Соған қарамастан отбасының бақытты болуына үй ішіндегілердің бәрі өз үлесін қоса алады. Қалайша?

Отбасында күйеуі әйеліне құрмет көрсетеді (Пт1х 3:7). Онымен бірге уақыт өткізеді. Одан тым көп нәрсе талап етпейді. Оның отбасы қамы үшін жасаған істерін бағалайтынын көрсетеді (Қл 3:15). Оған махаббатын білдіріп, оны мақтап отырады (Н.с 31:28, 31).

Әйел күйеуін қолдаудың мүмкіндігін іздейді (Н.с 31:12). Ол күйеуіне бағынады және онымен бірігіп әрекет етеді (Қл 3:18). Күйеуімен сөйлескенде де, ол туралы басқаларға айтқанда да, мейіріммен сөйлейді (Н.с 31:26).

Ата-аналар балаларына уақыттарын бөледі (М5ж 6:6, 7). Оларды жақсы көретіндерін айтып отырады (Мт 3:17). Тәрбие бергенде оларға сүйіспеншілікпен және түсінікпен қарайды (Еф 6:4).

Балалар ата-аналарын сыйлайды және тілдерін алады (Н.с 23:22). Оларға ойлары мен сезімдерін ашық айтып отырады. Ата-анасы түзеткенде кеңестерін қабылдап, оларға құрмет көрсетеді (Н.с 19:20).

ШАҢЫРАҒЫҢЫЗДЫ ШАТТЫҚҚА ТОЛТЫРЫҢЫЗ” ДЕГЕН ВИДЕОНЫ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

Видеода үй ішіндегілердің әрқайсысы отбасы бақытына қалай үлес қосты?